42 500 теңге жәрдемақы тағы төлене ме – министр жауабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 500 теңге жәрдемақы тағы төлене ме – министр жауабы

25.06.2020
42 500 теңге жәрдемақы тағы төлене ме – министр жауабы

Карантин күшейтілгеннен кейін тұрғындарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем беріле ме? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл сауалға жауап берді.

«Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне қаражат бюджеттен емес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінді. Қазір қордың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жатса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Хабарламаларға жазылу