Теміржол мен әуе қатынасы жанданғалы санитарлық талаптардың сақталмауы туралы 500-ге жуық шағым түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол мен әуе қатынасы жанданғалы санитарлық талаптардың сақталмауы туралы 500-ге жуық шағым түскен

22.06.2020

Елімізде теміржол мен әуе қатынасы жанданғалы санитарлық талаптардың сақталмауы туралы 500-ге жуық шағым түскен. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты. Оның сөзінше, халық көбінде қоғамдық көліктерде антисектиктердің жоқтығына, адамдардың маскасыз жүргеніне шағымданады. Сондай-ақ, 20 маусым Түркиямен арада халықаралық рейстер ашылған-ды. Екі күнде елге 1000-ға жуық адам келді. Олардың екі жүзінде инфекция жұқтырмағаны жөнінде анықтама болған. Қалғандарына ПТР тесттен өту жөнінде кеңес берілген. Көліктегі бас санитарлық дәрігер алдағы уақытта халықаралық рейстер кезең - кезеңімен жанданатынын да айтты. Қазір Грузиямен әуе қатынасын реттеу жоспарда бар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу