Ұлыбританияға «Киара» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияға «Киара» дауылы соққы берді

10.02.2020

Ұлыбританияға «Киара» дауылы соққы беріп, елдің солтүстік аудандарын тасқын жайлап жатыр. Жұмадан бері дүлей желдің жылдамдығы сағатына 145 шақырымға дейін жетіп, нөсер жауын толастар емес. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде тасқын жүру қаупі туралы 200-ден астам ескерту түскен.

Қолайсыз ауа райына байланысты көптеген әуе рейстері доғарылып, су көліктерінің қатынасы тоқтады. Сонымен қатар күшті желден теміржолдарға ағаштар құлап, пойыздардың жүрісі тежелген.

«Киарадан» Еуропаның тағы бірқатар мемлекеттері зардап шегуде. Дауылдан Нидерландыда 240, ал Германияда 180-ге жуық әуе рейсі доғарылып, мыңдаған адам діттеген жеріне жете алмай отыр. Синоптиктердің хабарлауынша, қолайсыз ауа райы осы аптаның ортасына дейін жалғасуы мүмкін.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу