ҰБТ-ның алғашқы күні: 164 адам оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның алғашқы күні: 164 адам оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды

22.06.2020
ҰБТ-ның алғашқы күні: 164 адам оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-ның бірінші күні 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Алайда тестілеуге 6 186 адам келген. Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсыра алады.

Тест тапсырушылардың 68,3 пайызы шекті балды жинады. Ал шекті ұпайды жинай алмаған түлектер саны - 1 964. 39 адам 130 балдан жоғары алды.

ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және ережелерді бұзғаны үшін 91 талапкер, яғни 164 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.


Хабарламаларға жазылу