Шетелдегі ҰБТ тапсыру жүйесі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі ҰБТ тапсыру жүйесі қандай?

20.06.2020

Әр ел өзінше тың әрі талапкердің үздігін таңдап алатын түрін талғап алғысы келеді. Мәселен, алыстағы Америка. Ол жақта Жоғары оқу орындарының әрқайсысының өзіндік талаптары бар. Кейбір сынақтарынан өте алмасаң жылына жеті ретке дейін тапсыруға болады. Нидерланды елінде екі кезеңдік сынақ болады. Әрқайсысында 6-7 пәннен. Біріншісін мектепте тапсырса, екіншісін орталықтандырылған жүйемен жүзеге асырады. Ал Қытайда "Гаокао" деген мемлекеттік емтихан бар. Барлық мектеп түлегі бір күнде, бір сағатта тапсырады. Оқушыларға қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш және циркуль әкелуге рұқсат. Шөлдегенде ішетін қара суды кіргізбейді. Егер емтихан барысында кімде-кім тәртіпті бұзса, рұқсат етілмеген көмекші құралдар қолданса немесе біреуден көшірсе өмірбақи бас бостандығынан айырылады делңнген желіде желкей ескен ақпаратта. Ақиқат деп айтпаймыз. Хош, әлемнің қай елі болмасын талапкерлердің сынағын әділ өткізуге, шын мықтылардың озып шығуы үшін жағдай жасауға тырысып бағуда. Мұның барлығы ертең елге тұтқа болатын азаматтардың шын білімімен биікке шығуына жағдай жасауға арналған қадамдар. Тағы бір жайт, мектепті тәмамдап Қазақстанда қалмай, шетелдік оқу ордаларына ұмтылатын жастар қазір көбейді. Қорқудың қажеті жоқ, білім көші қазір әлемде кең өріс алған. Бір ғана Ресейге оқуға Қазақстаннан 100 мыңға жуық адам барған.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу