Елордада 6 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген көпқабатты үйдің сыртқы жабындысы құлап жатыр. Жаңбыр жауса жоғары қабаттағы пәтерлердің төбесінен су ағып, жертөледегі паркинг те көлге айналады. Тұрғындар осы олқылықтарды жоюға ешкім құлықсыз екенін айтып шағымданды. Пәтер иелері кооперативі де, үйді салған компания өкілдері де әрекетсіз отырғанын айтып ашынады олар.
Мұны үйдің жағдайымен танысқан әкімдік өкілі де, төтенше жағдай басқармасының қызметкері де растады.
Тұрғындардың осы қиындықпен алысп жүргеніне 6 жылдың жүзі болды. Бірақ әзірге оң нәтиже жоқ. Бұл уақыт ішінде үйге қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативі де бірнеше рет ауысқан.
Компания өкілі олқылықтарды түзеуге уәде бергенімен, жұмыс қашан басталып, қанша уақытта аяқталатынын нақты айтпады. Ал тұрғындар жауаптылардың тезірек іске кірісуін тағатсыздана күтіп отыр.
Аман СЕЙІТХАН