Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жіберілді

16.06.2020

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Ауруханада эпидемиологиялық тергеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына сақтық шараларын сақтамау себеп болған-мыс. Бұл санитарлық ережелердің де талаптарын орындамауға әкелген көрінеді. Тергеу материалдары лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Ал Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, оның бұрынғы қызметінде заңбұзушылық анықталмаған. 

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу