Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

15.06.2020

Қазақстанда тоқсаныншы жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі инвесторлардың бірі Түркияның логистикалық компаниясы елімізге гуманитарлық көмек жіберді. Ішінде медициналық маскалар, латекс қолғаптар мен дәрігерлерге арналған арнайы киімдер бар бір тоннаға жуық гуманитарлық жүк Атырауға арнайы ұшақпен жеткізіледі. Коронавирус пандемиясы басталғалы Түркиядан Қазақстанға бірнеше рет осындай арнайы медициналық заттар жіберілді. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде кездескен тараптар мұндай игі іс әлі де жалғасын табатынына сенім білдірді.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу