Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясынан алғаш өлім жағдайы тіркелді. 65 жастағы жергілікті тұрғын маусым айының басында ауырған. Алдымен 4 күн үйінде жатып, тыныс алуы ауырлағасын дəрігерлерді шақырған. Өңірде індет жұқтырғандар саны 685-ке жетті. Оның 147-сінен аурудың симптомсыз түрі анықталып отыр.
Павлодар облысында індеттен көз жұмғандар саны 13-ке жетті.
Атырауда өткен тəулікте коронавирустан 3 адам қайтыс болды.