ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан семейлік жауынгердің сүйегі 78 жыл өткен соң туған жеріне қайта жерленді. Майдан даласында із-түзсіз жоғалып кеткен батырдың сүйегі туған топырағына Ресейден арнайы бортпен жеткізілді.
Семейлік жауынгер Өмірзақ Қазанқапов 120-шы жеке атқыштар бригадасының құрамында Ржевск-Сычев шабуылында 1942 жылы 14 тамызда ерлікпен қаза тапқаны белгілі болды. Оның сүйегін мəскеулік
«Кобальт» іздестіру жасағы өткен жылы Смоленск түбінен тапқан.