Алматы тауларында ілбіс пен оның екі аланы фотоқақпанға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында ілбіс пен оның екі аланы фотоқақпанға түсті

14.06.2020

Алматы тауларындағы фотоқақпанның біріне ұрғашы ілбіс пен оның екі аланы түсіп қалды. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында бөліскен видеодан жыртқыштардың тау бөктерін емін-еркін кезіп жүргенін байқауға болады. Бұл енді карантиннің пайдалы тұсы шығар. Желідегі жазбаға қарағанда бұл ілбістер бұрын да видеоға іліккен секілді. Ұрғашысының ныспысы да бар екен – «Дана» деп атайды оны автор жазбасында.

Хабарламаларға жазылу