Алматыда коронавирусты анықтауға арналған зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирусты анықтауға арналған зертхана ашылды

12.06.2020

Алматыда коронавирусты анықтауға арналған модульдік зертханалық кешен іске қосылды. Бұл – шахардағы жетінші ірі зертхана орталығы. Жоғары технологиялық кешенді Болат Өтемұратов атындағы қор қала әкімдігіне сыйға тартып отыр. Дәл осыған ұқсас зертхана 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында да ашылған болатын. Зертхана ПТР талдаудың барлық циклін өткізуге лайықталған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, тыныс алу жолдары мен жүрек ауруы бар азаматтарға және эпидемияға қарсы жұмыс істегендерге скрининг жасалады. Тест тапсыру тегін.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу