Қарағанды облысында карантиндік шектеулер күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында карантиндік шектеулер күшейеді

12.06.2020

Қарағанды облысында бүгін түнгі 12:00-ден бастап карантиндік шектеулер күшейеді. Нақытрақ айтқанда, өңірдегі екі қала мен бір кентте сақтық шаралары нығайып, блокбекеттер қайта қойылады. Қоғамдық орындардың, сауда орталықтарының да жұмыс кестесі өзгерді.

Облыста бүгінгі күнге дейін коронавирус жұқтырғандар 1300-ден асып кетсе, соның — 46-ы медицина қызметкерлері. Өкінішке қарай, 7 адам көз жұмды. Біреуі — санитарлық дәрігер. 1963 жылғы азамат коронавирустық инфекцияға қарсы қауырт жұмыстарға араласқан. Осыдан-ақ, өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен дәрігерлердердің жанкешті еңбегін көруге болады. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, карантиндік талаптарын сақтауы қажет екенін айтады мамандар.

Өңірде екі қала мен бір кенттегі жағдай қиындаған. Мысалы, Жарық кентінде 22 адам індет жұқтырса, соның 12-сі аста болғаны анықталып отыр.

Қазір облыста мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшкен. 65 жастан асқан адамдарға себепсіз көшеге шығуға, 14 жасқа дейінгі балаларға ересектерсіз жүруге болмайды. Саябақтар, балалар аула алаңдары, гүлзарларда серуендеуге тыйым салынған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу