БҚО-да 15 мектеп карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 15 мектеп карантинге жабылды

22.01.2021

Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер күшейеді. Қаңтар айында аймақта 925 адамнан ауру анықталса, соның 48-і мектеп оқушысы. Салдарынан үшінші тоқсанның үш аптасында-ақ 15 мектеп карантинге жабылды. Қазір инфекциялық ауруханалардың жартысы толған. Енді базарлар, сауда орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер және қызмет көрсету орындары сенбі, жексенбі күні жұмыс істемейді. Сондай-ақ, ауданаралық және облысаралық автобустардың қозғалысы да тоқтатылды. 

Нұрлыбек Мұстаев, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бұл шектеу шараларының барлығы да 25 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу