Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі

13.01.2022

Маңғыстауда карантиндік шектеулер күшейтіледі. Себебі, коронавирустың таралуы өршіп, облыс бүгін «қызыл» аймаққа енді. Соңғы 6 тәулікте қауіпті індет жұқтырғандардың саны күрт өсті. Мәселен, қаңтардың алғашқы аптасында 25 адамнан инфекция табылса, 5-і мен 11-і аралығында 289 адам індетке шалдыққан. Ал соңғы тәулікте 156 адамнан вирус анықталды. Облыстағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 73 науқас ем алып жатыр. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бас санитар дәрігердің қаулысы әзірленуде.



Хабарламаларға жазылу