Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер тендерден заңсыз шеттетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер тендерден заңсыз шеттетілген

11.06.2020

Шығыс Қазақстандағы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы даулы тендерге қатысты сұхбат берді. Мемлекеттік сатып алу саласын тексеретін мекеме басшысы жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық тендерді өткізуде заң бұзушылықтарға жол берілгенін ресми түрде растады. Естеріңізде болса, өткен аптада өңірдегі кәсіпкер ауылдарды ауыз сумен қамту үшін жер асты суларын барлауға жарияланған байқау заңсыз өткенін айтып шағымданған. Аудиторлар енді тендерді өткізген мемлекеттік органға заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқау жібермек.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу