Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулағандар ұсталды

23.04.2021

Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан өзен-көлдерге заңсыз ау салу тыйылмай тұр. Тек Шығыс Қазақстанда 4 күннің ішінде 70-ке жуық заңсыз балық аулау дерегі тіркелді. 

Браконьерлерді Табиғат қорғау инспекторлары тікұшақпен қуып жүріп ұстады. 20-ға жуық қайық табылды. Қамыстың ішіне жасырылған ескек, мотор қайығы мен қапшықтағы торлар да тәркіленді. Заңсыз балық аулағандардың бәріне әкімшілік айыппұл салынды. 

Әсет Қизатов, облыстық Полиция департаментінің аға инспекторы:
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан аумағы бойынша заңсыз балық аулағаны үшін 62 азамат әкімшілік жауапқа тартылып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.


Берік Көшербай

уылдырық балық шығыс қазақстан браноньер заңсыз балық

Хабарламаларға жазылу