Алматының бас санитар дәрігері қаладағы карантин ережелерінің күшейтілуі эпидахуалға байланысты екенін тағы да ескертті. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қатаң ескертулерге қарамастан, көптеген нысанда талаптар сақталмай келеді. Инфекцияның одан әрі таралмауы үшін тұрғындардың сақтық шараларының ұстануы міндетті. «Егер науқастар саны күрт көбейсе, карантин шаралары күшейтіледі»,- деді бас санитар.
Қуан Нұрақын