Елде карантин режимі күшейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде карантин режимі күшейтілуі мүмкін

27.05.2020

Елде коронавирусқа қатысты ахуал жақсармаса, карантин режимі күшейтілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Covid-19 вирусына қарсы күрестің қалай жүріп жатқанын баяндаған ол сақтық шараларына ерекше тоқталды. Әр адам жұмыс орнында және сыртқа шыққанда 2 метр арақашықтықты сақтау керек. Маска тағу өте маңызды. Індет ауамен ғана емес, қол арқылы да жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау керектігін айтты министр. Сондай-ақ ол соңғы кездері науқастардың неліктен көп тіркеліп жатқанын түсіндірді. Әсіресе Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкентте өсім бар. Мекемелер мен кәсіпорындарда жүргізіліп жатқан жаппай тестілеу кезінде негізінен ауру белгілері жоқ науқастар анықталып отыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу