Қарағандыда карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін

21.05.2020

Қарағанды облысында індет жұқтырғандар саны көбейсе, карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін. Бір тәулікте 24 адамнан инфекция анықталып, ауырғандар саны 300-ге жетті. 

Бастапқыда індет тек Қарағанды қаласында анықталса, енді 5 қала мен 3 ауданнан да тіркеліп отыр. Бұған дейін өңірде карантин жеңілдетілген еді. Тіпті қалааралық қатынас та қалыпқа келді. Спорттық нысандар ашылып, саябақтарда жүруге рұқсат берілді. Алайда тұрғындар қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауда. Осының салдарынан балабақшаларда кезекші топ ашу кейінге қалды. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу