Алматы-Сеул бағытына билет алғандар ұша алмай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Сеул бағытына билет алғандар ұша алмай қалды

09.06.2020

Бірінші маусымнан бастап Қазақстан үш елге, соның ішінде Кореяға әуе рейстерін ашқан болатын. Бірақ ашқаны не керек, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай отыр. «Алматы - Сеул» рейсінің кей жолаушыларына рейске отыруға рұқсат берілмеді. Кеше ұшуы тиіс 61 адамды шекара қызметі әуе кемесіне отырғызбаған. Барлығы Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген Қазақстан елінің азматтары. Қолдарында талап етілген тиісті құжаттары болса да, төлқұжат бақылауынан ары өткізілмеген. «Эйр Астана» компаниясының өкілдері бұл мәселені құжаттың толық болмауынан деп түсіндіріп отыр.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу