Швеция мемлекеті әлем бойынша қатаң карантин режимін енгізбеген бірнеше мемелекеттірдің қатарында. Алайда ел үкіметі мұндай шешім қабылдағандарына өкінуде.
«Швециядағы коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар көрсеткіші пайыздық өлшеммен салыстырғанда әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып тұр. Мүмкін карантин режимін орнатқанда мұндай ахуалға түспес пе едік»,- дейді елдің бас эпидемиолог-дәрігері Андерс Тегнелл.
Пандемия басталғалы бері елде 40 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4 500 науқас көз жұмған. Бұл көрсеткіш көршілес жатқан Норвегия, Финлияндия, Дания едеріндегі есептерден бірнеше есеге көп. Швецияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 100 мыңға адамға 43 деректі тіркесе, Данияда 10,2, Финляндияда 5,8, ал Норвегияда 4,5 деңгейінде.
Қазірдің өзінде Швециядағы вирус жұқтырғандардың саны күннен күнге артуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елде коронавирус жұқтырғандардың жаңа дерегі тәулігіне 1000 адамнан асып отыр.
DP