Оның төртеуі Солтүстік Қазақстан облысында. Тайынша ауданында пайдалануға берілген кәсіпорын солардың бірі. Заманауи қондырғылар орнатылған бұл кешенде жергілікті 50 тұрғын еңбек етеді. Жалпы, өңірде тағы 7 кешенді іске қосу жоспарланған. Бұл, жылына қосымша 17 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.
Юрий Красноголовый, кәсіпкер:
Жаңа қондырғының ерекшелігі, сиырдың температурасынан бастап, барлық жағдайын көрсетіп тұрады. Қанша сүт бергені, қанша азық жегенін біліп отырады. Барлық мәлімет маманның телефонына смс-хабарлама болып келеді. Әзірге тәулігіне 3-3,5 тонна сүт аламыз. Болашақта 6-7 тоннаға дейін жетеді деп күтіп отырмыз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.