Елордада жыл соңына дейін екі мектеп ашылады

13.10.2014
Елордада жыл соңына дейін екі мектеп ашылады

Астанада жаңа оқу жылының басында бес жаңа мектеп ашылды. Қазіргі кезде оқу орындарында 6 мыңнан астам бала білім алуда. Жыл соңына дейін тағы да екі мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Қалалық Құрылыс басқармасының хабарлауынша, мектептердің бірі Есілдің сол жағалауында (№4 шағын ауданда, № 19 көшенің оңтүстігінде), екіншісі Комсомольский тұрғын алабында орналасады.

Жоспар бойынша нысандар қараша айына дейін аяқталып, тапсырылады. Осылайша, 2 400 оқушы 2015 жылдың басында жаңа мектептердің табалдырығын аттайды.

Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер салынады, әсіресе Есіл ауданында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жаңа мектептердің ашылуы елорда тұрғындары үшін аса маңызды.

Бұл қаланың жаңа аудандарында тұрып жатқан оқушыларды тең бөліп, оқу сыныптарындағы жүктемелерді азайтуға мүмкіндік береді, деп жазады елорданың ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу