Иә, пандемия экономикаға да кері әсер етті. Сондықтан, Үкімет Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жаңа жобасын әзірлемек. Ол Президент қарауына биыл 1-ші тамызға дейін ұсынылады. Бүгін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысын өткізген Пемьер-Министр Асқар Мамин, осылай деді. Құжатта, қазіргі және әлеуетті экономикалық сын-тегеуіріндерге төтеп беретін жаңа тәсілдер қамтылады. «Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланумен Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет», - деді Үкімет басшысы.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ