Еркін ауылының тұрғындары қорадағы малын әкімдік алдына айдап барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін ауылының тұрғындары қорадағы малын әкімдік алдына айдап барды

04.06.2020

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының тұрғындары қорадағы малын әкімдік алдына айдап келді. Себебі мал жаятын жайылым жоқ. Ауыл шетіндегі қой, сиырын жайып жүрген жердің өзіне қазық қағылып, қоршалып жатыр.

Жайылымы қысқарып тарыққаннан Еркін ауылының тұрғындары осындай қадамға баруға мәжбүр. 100-ден аса сиырын орталық көшелермен әкімдік алдына айдап әкелді.

Жайылым жоқтың қасы. Ал бөлінген жер алшақ орналасқан. Сондықтан тұрғындардың талабы орынды, дейді ауыл әкімінің міндетін атқарушы.

Егер жайылым мәселесі жуық арада шешілмесе, тұрғындар малын қала әкімдігіне айдап апаруға бекінген.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу