Алдағы күндері еліміздің 7 өңірінде аптап ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері еліміздің 7 өңірінде аптап ыстық болады

03.06.2020

Иә, қазір елде ауа-райы қырық құбылып тұр. Бүгін-ертең еліміздің 7 өңірінде күн қатты ысымақ. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады. Қызылорда облысында ауаның температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі. Қатты жел соғады. Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында да, қатты ыстық болады деген болжам бар. Кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл соғады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу