Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі қарастырылмайтынын айтты.
«Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды және күн тәртібінде тұрған жоқ. Бүгінде Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында энергетика, инвестиция және технология салалары бойынша әріптестік нығайды. Біз АҚШ-пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үнемі байланыстамыз.
Бұған дейін Қазақстан мен АҚШ мамандары биологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша бірлесе қызмет етті. Алайда қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалық ғалымдар Алматыдағы Орталық Референс-зертханадан кетті. Қазіргі уақытта тек қазақстандық мамандар жұмыс істеп жатыр. Зертхана мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер Қазақстан үшін маңызды. Сондықтан еліміз ресейлік мамандармен әріптестік орнатуға дайын», - деді Мемлекет басшысы «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында.