Жағажайлар мен бассейндерге қатысты талаптар өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жағажайлар мен бассейндерге қатысты талаптар өзгерді

02.06.2020

Елімізде эпидемия жағдайында бассейнге түсу мен жағажайларда демалу талабы өзгерді. Бассейннің аумағына қарай, адам саны реттеледі. Мәселен, хауыздың көлемі 30 шаршы метр болса, 6 адамға ғана түсуге рұқсат. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Оның сөзінше, суға түсушілер бассейнге кезекпен кіргізіледі. Ал демалыс алаңдарында бақылау күшейе түспек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу