Мопедтер мен самокаттардың қозғалысына қатысты талаптар қатаңдатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мопедтер мен самокаттардың қозғалысына қатысты талаптар қатаңдатылды

28.07.2023

Самокат пен мопедке қатысты енгізіліп жатқан өзгерістер 9-шы тамызға дейін халықтың талқысына ұсынылды. Яғни осы берілген уақыт аралығында халық өз пікірін ашық порталына кіріп, қалдыра алады. Ішкі істер министрлігі әзірлеген құжаттағы өзгерістер қандай? Транспорттың бұл түріне қандай шектеу қойылуда? Жүргізушілер нені білуі тиіс? Әріптесім Самал Қабышева толығырақ.

Самал Қабышева, тілші:

Бұдан былай, самокат жүргізушілері арнайы бас киім киюі тиіс. Олардың нарықтағы бағасы да арзан емес. Ең арзанының өзі 10 мың теңге тұрады. Ал самокат жүргізушісі мұндай бас киімді кимесе, оған 3 АЕК яғни, 10 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал түнгі уақытта жүргізушінің жарық шағылыстыратын киімі болуы керек.

Ал көлік қатынайтын жолға қатысты шектеу қатаң. Яғни кез-келген адам самокатпен бұл жолда жүре алмайды. Тек 18 жасқа толған және жүргізуші куәлігі бар адамға ғана жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі.

Мопед пен электр самокатқа қатысты құжат 9 тамызға дейін халық талқысына ұсынылды. Бұл құжатқа қатысты өзінің жеке пікірін білдіргісі келгендер ашық порталына кіріп, құжаттың толық нұсқасымен таныса алады. Жаңа құжатта мопедті тізгіндегендерге велосипедке арналған және жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынатыны да көрсетілген.

Самал Қабышева, тілші:

Сонымен қатар самокатпен жолаушы тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай талапты бұзған адамға 5 АЕК яғни, 17 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу