Биылдан бастап «Болашақ» үміткерлеріне қойылатын талаптар өзгертілді – Г.Әбдіқалықова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап «Болашақ» үміткерлеріне қойылатын талаптар өзгертілді – Г.Әбдіқалықова

20.06.2016
Биылдан бастап «Болашақ» үміткерлеріне қойылатын талаптар өзгертілді – Г.Әбдіқалықова

 

Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балы мен жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

«Болашақ» бағдарламасы еліміздің индустриялдық-инновациялық дамуымен біте қайнасып жатыр. Сол себепті мамандарға қажетті сұранысты анықтау мәселесін ұдайы жетілдіре отырып, біз осы комиссияда мамандарды даярлау жұмысын пысықтаудамыз. Конкурстық іріктеу деңгейін жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қолға алынды. Биылдан бастап үміткерлердің шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балы мен жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді», - деді мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілетін болды.

 

Хабарламаларға жазылу