Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының үш қызметкері қамауға алынды. Олар төрт адамның өліміне әкеп соққан оқыс оқиға үшін кінәлі деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Облыстық полиция департаментінің өкілдері хабарлады.
Ішінде гидроксил химиялық ерітіндісі болған 50 текше метрлік бөшкені тазарту кезінде техникалық қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Яғни цех басшылары өз міндеттерін ережеге сай орындамаған. Қамауға алынғандардың бірі қаза тапқан Орынбасар Бисембиннің туған бауыры екені белгілі болып отыр. Еске салсақ, жиырма сегізінші мамыр күні өндіріс орнындағы оқыс оқиғадан 4 адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жақсыбек КЕМАЛ