Ақтөбеде ірі кәсіпорындардың жұмысшылары арасында спорттық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ірі кәсіпорындардың жұмысшылары арасында спорттық жарыс өтті

07.04.2015
Ақтөбеде ірі кәсіпорындардың жұмысшылары арасында спорттық жарыс өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Ақтөбедегі ең ірі кәсіпорындардың жұмысшылары спорттық жарыстардан сынға түсті.

«Біз салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен өткен эстафеталық сайысқа әр мекемеден бес адамнан қатысты.  Шара қорытындысы бойынша, Ақтөбе хром қосындылары зауытының командасы үздік шықты.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұратындықтарын жеткізді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу