Ақтөбедегі зауытта күйіп қалған 2 науқастың бірі қайтыс болды

03.06.2020

Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының қызметкері қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, 32 жастағы жігіттің денесінің 60 пайызын күйік шалған. Ол түнде көз жұмды. Ал екінші адамның жағдайы қалыпты, жан сақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Естеріңізге болса, жиырма сегізінші мамыр күні өндіріс орнында 4 адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу