Өскеменде өртенген үйдің шатырын кім жөндейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде өртенген үйдің шатырын кім жөндейді?

27.05.2020

Өскеменде өрттен зардап шеккен көп қабатты үйдің тұрғындары шатырды жөндей алмай әбігер. 3-ші қабаттағы пәтердегі жалынды өшіру үшін төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үйдің шатырын ашып жіберіп, жоғарыдан 20 тоннадан астам су құйған. Соның арқасында, өрт дереу өшірілді. Енді бүтін бір подьездегі пәтер иелері баспаналарын қалай қалпына келтірерін білмей дал. Өйткені, су барлық қабаттағы пәтердің ішіне өтіп кеткен. Шатырды кім жөндейді деген сауалға жауап жоқ. Қалалық әкімдік жеке меншіктегі ғимаратты жөндеуге бюджет қаржысын бөлуге болмайтынын алға тартып отыр. 

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу