Павлодарда қатты желден 20-дан астам үйдің шатыры қирады. Бұдан бөлек медициналық мекеме мен мектепке де зақым келген. Оқиға кеше, кешкі уақытта болған. Дүлей дауыл алдымен Алакөл ауылындағы фельдшер-акушерлік пунктің шатырын түгел ұшырып әкеткен. Бұдан бөлек, Петропавловка елді мекеніндегі жалпы білім беретін мектептің 50 шаршы метр шатырын зақымдап, 20-дан аса үйдің шатырын көтеріп кеткен. Қазгидрометтің мәліметінше 21-шілде күні қатты жел соққан. Табиғи апаттан тұрғындар зардап шекпеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда қатты желден 20-дан астам үйдің шатыры қирады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/161470/)