Өскеменде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жарыққа зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жарыққа зәру

01.10.2020

Өскеменде 70 отбасы жарыққа зәру. Олар «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көпқабатты баспанаға былтыр қоныстанған. Бірақ 5 қабатты үй әлі күнге дейін тұрақты электр энергиясымен қамтылмаған. Қараңғыда отырмас үшін тұрғындар құрылыс кезінен қалған электр сымдарын пайдалануда. Жұрт жаппай тұрмыстық техникасын қосқан кезде кабель тұйықталып қалып, соңғы екі күн бойы бүкіл үй жарықсыз отырған. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің сапасына қатысты тұрғындар тарапынан сын көп. Ал жергілікті билік жарық пен өзге де проблемалар жақын арада шешіледі деп сендірді. 

Сая Майшоқпарова, қала тұрғыны:
Тоқтың сымдары бәрі ашық жатыр. Оған бала түсіп кетсе, кім жауап береді ? Оны азаматтар өздері шығып жөндейді. Кеше жаңбыр жауды, жарық жоқ, жігіттер өз күштерімен жөндеді. Егер олар тоққа түссе кім кінәлі?
Фархат Жилибаев, Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
әл-Фараби 42/3 мекенжайындағы үй бойынша қазір сұрақтардың барлығы шешіліп жатыр, өңірдегі энергетикалық компаниямен. Жылу мәселесін тексердік. Құрылыс фирма кемшіліктерді жойып жатыр қазір. Ертең одан арғы күні бәрі қосылады.

Берік Көшербай

Өскемен Нұрлы жер тұрғын үй мәселесі

Хабарламаларға жазылу