Президент Алтай Көлгіновты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алтай Көлгіновты қабылдады

25.05.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады. Кездесу барысында Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтылды.

Алтай Көлгіновтің сөзінше, биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда, баспана кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Әрі үлескерлердің мәселесі мықтап қолға алынған. Өз кезегінде Мемлекет басшысы жұмыспен қамту жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдап, үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, жұртты жұмыспен қамту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу