Алматыдағы блокпостағы жол апатынан тағы бір полицей зардап шекті
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым блокбекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған.
«Оның қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып қызметкерге тиген немесе жүргізуші алдымен оны соққан, кейін патрульдік көлікке соғылған», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі кезде ауыр жарақат алған полицей №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.