Латын Америкасының бірнеше мемлекетінде COVID-19 вирусының өсу қарқыны күннен-күнге жоғарылауда. Бразилия, Мексика, Чили елдерінің денсаулық сақтау органдары қаупті індеттің тез таралуына байланысты дабыл қағуда.
Материктегі вирустан зардап шеккендердің ең көп дерегі Бразилия мемлекетінде тіркелген. Елде 360 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, әлемде екінші орынға шықты. Чили, Перу, Мексика және Эквадордағы жағдай да мәз емес. Сарапшылардың бұл елдердегі COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлдеқайда төмендетілген деп отыр. Себебі аймақта індетті анықтауға арналған тест құрылғылары аз. Сондықтан науқастар саны бұдан да жоғары болуы мүмкін.
АҚШ пен Еуропа мемлекетеріндегі көрсеткіш төмендей бастағанын ескере отырып, Латын Америкасы коронавирустың жаңа ошағына айналуы мүмкін. Аймақта індет таралғалы бері жарты миллионнан астам адам вирус жұқтырған.
Сарапшылар Бразилиядағы жағдайға алаңдаулы екенін жеткізуде. Пандемия басталғалы елде карантиннің қатаң шаралары қолға алынбаған. Ал ел президенті Жаир Болсонару алдағы уақытта шекараны ашатынын туралы мәлімдеген болатын.
Өңірдегі қалыпты жағдай тек Аргентина мен Уругвайда сақаталып отыр. Бұл мемлекеттер пандемия басталған сәттен карантиннің қатаң талаптарын орындауда. Ал Чили мен Перу науқастар саны күрт көтерілген сәтте ғана ел аумағында шектеулер орнатты.
BBC