АҚШ қайтадан коронавирус індетінің ошағына айналуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ қайтадан коронавирус індетінің ошағына айналуда

04.06.2020
АҚШ қайтадан коронавирус індетінің ошағына айналуда

Өткен тәулікте АҚШ аумағында 17 мыңнан аса адамнан коронавирус індеті табылып, 930 науқас көз жұмды. Құрама Штаттардағы вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1,9 миллионға жуықтады.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш елде орын алып жатқан жаппай тәртіпсіздік салдарынан тұрғындардың әлеуметтік арақашықтық немесе жеке гигиена талаптарын сақтамуынан болуы мүмкін. Себебі мамыр айының соңына қарай АҚШ-тағы жағдай тұрақаталып, көптеген штататтар карантин талаптарын жеңілдеткен болатын.

Қазіргі таңда әлем бойынша тәуілігіне COVID-19 инфекциясының жаңа дерегі бойынша АҚШ, Үндістан, Ресей, Чили және Бразилия көшбастап тұр. Жалпы вирус жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жуықтаса, індеттен жазылып шыққандар 3 миллион адам.

ВВС


Хабарламаларға жазылу