Теріскейде 50 баланы кене шаққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде 50 баланы кене шаққан

22.05.2020

Ал Солтүстік Қазақстан облысында 50 баланы кене шаққан. 142 ересек адам да кененің шабуылына тап болды. Бірақ адам денсаулығына зиянды кене энцефалиті анықталған жоқ. Қазіргі күні Петропавл қаласы аумағында адамдар серуендейтін жерлерді дәрілеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 4 миллион теңге бөлінген. Бірақ кенеден келетін кесапат шілдеге дейін жалғасады. Сондықтан мамандар табиғат аясына шыққанда сақ болуды ескертеді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу