Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлер 4 миллион теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлер 4 миллион теңге айыппұл төлейді

22.05.2020

Алматыда 25 мамырдан бастап барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайды. Қалада 5 арнайы қызмет көрсету орталығы, 2 көші-қон бойынша және 2 цифрлық қызмет көрсету орталығы бар. Мекемелердегі 1600-ден астам қызметкер, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 фронт-офис маманы жұмысқа оралады деп жоспарланған. Сондай-ақ келесі аптадан бастап Алматыда санитарлық талаптарға сай болған жағдайда азық-түлік және әмбебап базарларға қойылған шектеулер алынады. Ал шаһардағы азық-түліктік емес, ірі базарлардың ашылуы 1 маусымға жоспарланып отыр. Қоғамдық тамақтану орындарына түнгі 11:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Дегнемен, мейрамхана, дәмханаларға ұжымдық кештер мен банкеттер өткізуге тыйым салынған. Алайда, санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасалып, 4 миллионға дейін айыппұл салу көзделген.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу