Алматыда санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер 4 млн теңге айыппұл төлейді

22.05.2020

Алматыда санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға 4 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Жұмысын қайта бастаған мекемелерді аралаған қаланың мемлекеттік бас санитары осылай деді. 

Рейд барысында бекітілген талаптарды орындамағандар көптеп кездесті. Мәселен, орталық әмбебап дүкенінде сатушылар қолғапсыз жұмыс істеп, кіреберіске санитайзер мен тепловизор орнатылмаған. Ал сөрелерде тұрған нандар қапталмаған. Арнайы құрылған мобильді топ бір күнде сұлулық салондары, ірі азық-түлік сататын базарлар, супермаркеттер мен техника дүкендерін тексеріп шықты. 

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу