Санитарлық талаптарды сақтамаған әуежайларға айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санитарлық талаптарды сақтамаған әуежайларға айыппұл салынды

03.09.2020

Санитарлық талаптарды сақтамаған әуе компаниялары мен әуежайларға ірі көлемде айыппұл салынды. Әлеуметтік ара қашықтық сақталмаған, дезинфекциялық төсеніштер болмаған және перрон автобустарының жүргізушілері маска мен қолғап кимеген. Бұл - әуежайларға қатысты кемшіліктер. 

Ал әуе компаниялары қызметкерлерін медициналық тексерістен өткізбегені, кассаларында арнайы қоршаулар қойылмағаны үшін жауапқа тартылды. Әр компанияға 4 млн 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Сәуақас Байғабылов, көліктегі бас санитар дәрігер:

- Елорда әуежайы айыппұлды 1 аптаның ішінде төлегендіктен, 50 пайыз жеңілдікке ие болды. Өзгелері толық өтейтін болды. Мұндай тексерулерді біз тұрақты жүргіземіз. Халықаралық рейспен келетін шетелдік компанияларды да тексереміз. Байқағанымыз, өзге елдің әуе компаниялары талаптарды өте қатаң сақтайды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу