Әскери арсеналдар мен базаларға қатысты заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери арсеналдар мен базаларға қатысты заң қабылданды

21.05.2020

Парламент әскери арсеналдар мен базаларға қатысты заңды қабылдады. Тыйым салынған аймақтар мен аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң екі оқылымда қаралып, қабылданды. 

Былтыр Арыс қаласында болған оқиға бұл салада біраз кемшіліктердің бар екенін көрсеткен. Мәселені жою үшін бірнеше кодекс пен заңдарға өзгеріс енгізілді. Енді тыйым салынған аумақтар міндетті түрде жергілікті атқарушы органдармен келісім жасай отырып, белгіленетін болды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу