Сенатта әскери базалар мен қоймаларға қатысты заң жобасы мақұлданды

21.05.2020

Қазақстандағы әскери базалар мен қоймалардың маңайындағы құрылыс жұмыстары заңмен реттеледі. Парламент депутаттарының бастамасымен жасалған заң жобасы бүгін Сенатта екі оқылымда мақұлданды. Былтыр Арыс қаласында болған оқиға бұл салада біраз кемшіліктердің бар екенін көрсеткен. Мәселені жою үшін бірнеше кодекс пен заңдарға өзгеріс енгізілді. Тыйым салынған аумақтар міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарының келісімімен белгіленеді. Бастысы оқыс оқиға бола қалса әскери базалар мен қоймалар өзге ғимараттар мен қарапайым адамдардың өміріне қауіп төндірмеуі тиіс.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу