Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

20.05.2020

Ал Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасын қабылдады. Кездесуде қордың қазіргі экономикалық жағдайы талқыланды. Ахметжан Есімовтың айтуынша, «Самұрық-Қазынаның» барлық кәсіпорындары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістегі қызметкерлердің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ. Ал аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 триллион теңгені құраған.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу