Əлемде коронавирустан 325 мыңға жуық адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Əлемде коронавирустан 325 мыңға жуық адам қайтыс болды

20.05.2020

Планетада коронавирус жұқтырғандар саны 4,9 миллионға жетіп, 325 мыңға жуығы қайтыс болған. Əлемдік банктің болжамынша, пандемия салдарынан ғалам экономикасы биыл 5 пайызға қысқарып, кедейшілік шегіне жеткендер тағы 60 миллион адамға көбеймек.

Ал Бразилия COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша АҚШ пен Ресейден кейінгі үшін орынға көтерілді. Бұл мемлекетте коронавирус 254 мыңнан астам адамнан табылып, 17 мыңға жуығы қайтыс болған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу