Коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

03.06.2020

Кеше COVID-19 дертінен елімізде 3 адам көз жұмды. Олар Нұр-Cұлтан, Шымкент қалалары мен Павлодар облысының тұрғындары. Жалпы, осы уақытқа дейін елімізде коронавирустан 44 адам қайтыс болды. 

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 225 адамнан осы індеттің бар екені анықталған. Осы уақытқа дейін 12 мыңға жуық дерек тіркелген. 6 мыңға жуық адам дерттен жазылып шықты.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу